Қазақ тілі - "Құдайды қалай тануға болады?".3gp / Казак тили - "Кудайды кантип тааныса болот?".3gp

1:35:06
 
Поширити
 

Manage episode 337911762 series 3383903
Зроблено Kyrgyzstan Words of Life і знайдено завдяки Player FM та нашій спільноті. Авторські права належать видавцю, а не Player FM, і аудіоматеріали транслюються безпосередньо з сервера видавця. Натисніть на кнопку Підписатися, щоб слідкувати за оновленнями в Player FM або скопіюйте і вставте посилання на канал до іншої програми для подкастів.
Qozoq tili - "Xudoni qanday bilish kerak?".3gp / Казакский язык - "Как познать Бога?.3gp / Kazak Laguage - "How to Know God?".3gp // ЖОХАН - ТАРАУ 11 Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. 2 Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. 3 Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. 4 Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. 5 Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. 6 Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. 7 Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. 8 Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. 9 Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. 10 Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. 11 Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. 12 Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. 13 Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. 14 Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. 15 Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп: — Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. 16 Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. 17 Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. 18 Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.

138 епізодів